Background Image
Previous Page  11 / 90 Next Page
Basic version Information
Show Menu
Previous Page 11 / 90 Next Page
Page Background

9

қызыкты, әрі өмірде керек болатын нәрселерге үйрету қажет.

Оның үстіне дәл осы сәттегі мәселелер жалпы жеке адамның

жан-жақты және гармониялық түрде дамуымен қайшы

келмеуі тиіс. Менделеев атап өткендей "орта білімнің негізгі

мақсаты оқушыларды жеке жетілдіру, олардың қоршаған

ортаға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру және жеке

қасиеттерін (байқампаздық, ой таластыра білу, еңбек

сүйгіштік, т.б.) дамыту".

Компьютер балалардың шығармашылық белсенділігін

дамытуға көмектеседі, әсіресе егер оған үйренуді емес, оны

құрал ретінде пайдалануды игерсе, яғни АКТ-ның

техникалық жағына ғана қарастырмай, оның танымдық

жағына көңіл бөлу керек. Мұндайда оны дұрыс пайдаланса,

компьютер білімді жетілдіру құралы рөлін жақсы атқара

алады.

Компьютер мен оқушының өзара әрекеттесуі

қызғылықты процесс, ол педагогикалық новацияларда есепке

алынып отыруы қажет.

Педагогиканың негізгі козғаушы күші ретінде барлық

тәрбиелік әрекеттер негізі ынта болып саналатынын айтқан

артық болмас. Өндірісте де ынталандыруға байланысты

менеджмент ең бағалы ресурсты - кадрларды жетілдірудің

негізгі құрамды бөлігі болып табылады емес пе? Балалар

ересек адамдар тәрізді егер оқу нәтижесі ертеңгі күні

пайдалы болатынына көзі жетсе, оған зор ықыласпен қарап,

тез үйренуге тырысады. Егер оқу процесі дұрыс

құрастырылып, компьютер оның жылдам игерілуіне

көмектесетін болса, оқушылар мақсаттарына жыддам қол

жеткізе бастайды.

Мектептерде аппараттық, телекоммуникациялық және

программалық жабдықтар аймағында тәжірибелік (немесе

арнаулы) емес, индустриялық, яғни әрекеттік шешімі бар

жұмыстарды енгізуге тырысу керек - олар практикалық

қажетгілік пен ол істі жалғастырудың тиімділігіне кепілдік

бере алады. Ақпараттық технологиялардың екпінді түрде