Background Image
Previous Page  6 / 90 Next Page
Basic version Information
Show Menu
Previous Page 6 / 90 Next Page
Page Background

4

Алғы сөз

Адамзаттың ХХІ ғасырға аттап басқаннан бастап

ақпараттық

технологиялар

мен

телекоммуникация

құралдарының қарыштап жедел түрде дамып, әлемде

ақпараттың жыл сайын еселеніп өсуі салдарынан ғылым-

білімнің және технологияның жаңа салалары қарқынды дами

бастады. ХХІ ғасыр адамдардан оның кәсіби қызметтеріндегі

барлық өзгерістерді біліп, әрдайым білім деңгейлерін

жетілдіріп, дамытып отыруды, қажет болған жағдайда өз

қызметіне жақын, тіпті жаңа мамандықтарды игеріп отыруды

талап етеді. Оқушылар білім негіздерін үздік дәрежеде

қалаулары мақсатында жан-жақты білімді болуға, әлемде

болып жатқан өзгерістерден тыс қалмаулары үшін ауқымды

желіге қосылуды, қажетті ақпаратты іздеп табуға үйренуді,

ақпараттарды қажеттілігіне қарай қолдана алуды білулері

тиіс. Қазіргі күнде әлемнің қай түкпірінде болса да, ауқымды

ғаламтор желісі болған жағдайда ғана өз бетінше білім алу

мүмкіндігін жетік түрде қарастыруға болады. Бұл

жағдайдағы қажет ететін ерекше жүйе «Қашықтықтан білім

алу жүйесі» болып табылады. Қашықтықтан білім алу

жүйесінің мүмкіндігі мол болып отыр. Бұл жүйе әр адамның

өзіндік жеке қажеттілігін ұғынуға, өзіне қажетті білімді

іздене отырып үйренуге мүмкіндік береді.

Оқу орындарында да қашықтықтан оқыту жүйесі қазір

қарқынды түрде дамуда. Басқа оқыту жүйелерімен

салыстырғанда, бұл өте маңызды, пайдалы оқыту жүйесі

болып табылады. Сонымен қатар бұл жүйені демократиялық

оқыту жүйесіне жатқызуға болады, себебі кез-келген адам

осы жүйенің арқасында салыстырмалы түрде аз ғана

мөлшердегі материалды жұмсау арқылы өзіне қажетті

мамандықты ала алады, біліктілігін көтере алады, өзінің

білімін жаңа білім орталарымен толықтыра алады.