Background Image
Previous Page  8 / 90 Next Page
Basic version Information
Show Menu
Previous Page 8 / 90 Next Page
Page Background

6

пайдалана отырып, студенттер мен оқытушылар арасындағы

белсенді диалог, оқу ақпаратына мүмкіндік беру;

4)

білім алушының мекен жайына, денсаулық

жағдайына, элитарлық және материалдық жағдайына

қарамастан тепе-тең дәрежеде білім алуға мүмкіндігі бар.

Қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалана білім

беру үрдісінің негізіне арнайы жасалған оқу-әдістемелік

материалдармен

білім

алушының

мақсатты

және

бақыланатын өзіндік жұмыс жасауы алынған. Қашықтықтан

оқытудың компоненттері мен әдістемелік тәсілдері оқытуды

мүмкіндігінше ыңғайлы және тиімді етуге бағдарланған.

Қазақстанда қашықтықтан оқыту жүйесін халықтың

мынадай категориялары қажет етеді: ЖОО студенттері; орта

мектептер оқушылары (әсіресе ауылдық жерлерде, шағын

қалалар мен ауылдарда); түрлі деңгей басқарушылары;

аймақтық басқару органдары жетекшілері; жұмыспен қамту

қызметінде тіркілген тұлғалар; екінші білім алуға немесе

біліктілігін өзгертуге ниет білдірген тұлғалар; қандай да бір

білім саласындағы біліктілігін арттырғысы келетін тұлғалар;

қозғалыс еркіндігі шектеулі адамдар, мүгедектер және т.б.

2006 жылдың басында “Шалғайдағы және осал

аймақтардың орта мектептері үшін АКТ пайдаланып

қашықтықтан

оқыту”

ЮНЕСКО

жобасы

аясында

Республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми-

әдістемелік орталығы “Modular Object Oriented Digital

Learning Environment (MOODLE) –

www.moodle.org

және

www.moodle.com

негіздерінде қашықтықтан оқыту порталын

ашты.

Порталда тіркелген пайдаланушылардың мектеп

бағдарламасы бойынша білім беру материалдарына тегін

қатынауға, біртұтас ұлттық тестілеуге әзірленуге, сынақ

тестілеуден өтуге, әдістемелік көмек алуға мүмкіндігі бар.

Форумда мұғалімдер әрбір оқу курсы бойынша пікір

алмасып, қандай да бір тақырып бойынша сабақ өткізу