Background Image
Previous Page  9 / 90 Next Page
Basic version Information
Show Menu
Previous Page 9 / 90 Next Page
Page Background

7

тәжірибесімен бөлісіп, жаңа тақырыптарға пікірталастар

ұйымдастыра алады.

Бүгінде, информация өңдеу мен халықаралық деңгейде

еңбек түрлерін бөлу әлемдік экономиканың ең негізгі

ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген

маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі

болып қала береді. Білімнің адамнын жұмысқа түру мен өмір

сүру деңгейіне тигізетін әсері бұрынғыға қарағанда

анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын

талаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі

мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман

информациялық қорларды табысты пайдаланып, заң және

әкономика негіздерін де игеруі тиіс. Қазіргі мамандардан

шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде

шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап

етіледі.

Функционалдық дайындау тұжырымдамасынан жеке

тұлғаны дамыту тұжырымдамасына ауысу. Бұл ауысудың

негізі тек приоритеттер ауысуы ғана емес, мұнда

мамандарды мемлекетгік тапсырыс бойынша дайындаудан

жеке тұлғаның талаптарын қанағаттандыруға көшу жүзеге

асырылады. Жаңа түжырымдама әрбір нақты адамның өз

мүмкіндіктерін есепке ала отырып, соны іс жүзінде көрсету

мен жетілдіру арқылы білім беруді жекелеп жүргізудің сипат

алғанын көрсетеді. Бұл оқушылардың және мүғалімдердің

өздерінің әртүрлі жеке мүмкіндіктеріне сәйкес алуан түрлі

білім беру бағдарламаларын жасау арқылы іске асырылады.

Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды фактор

болып оқушылардың қазіргі және болашакта қолданылатын

ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ)

пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын (мүмкіндігін),

өздерінің жеке басының когнитивті іс-әрекет жасауға

икемділігін қалыптастыру ісі саналады.

Бұдан бұрынырақ көркем етіп қолмен жаза білудің өзі

қартайғанша қам жемей тыныш өмір сүруге кепілдік бере