×
"Show Menu"

Ресми сайтыма қош келдіңіздер! Енді, менің шығармашылығыммен осы жерде таныса аласыздар.

Home

Анар

27.05.2004in
Ал-қызыл алма бақтың гүлдеріндей
Нұрға толы көздерің күн көзіндей.
Ақ ажарың әдемі қыпша белің –
Раушан гүлдің нәп-нәзік өзегіндей.
 
Сөздерің көңілімді көлкітеді,
Есімің тамсандырып сергітеді.
Неліктен жанарыңды жасырасың?
Іс тауып бір қарасаң жетер еді.
 
Саған деп сөздерімді әсемдеймін,
Үмітім өзіңді бір көрсем дейтін.
Иіліп, отырып бір ойлайсың ба?
Егіздей мен сырыңды сезгендеймін.
Мейіріңе ай болып таңда туайын,
Ізіңнен басқан, гүл болып өсіп шығайын.
Нәрлене піскен анар менен алманың
…Шырыны болып ұртыңа сенің тамайын.
 

Алмас Әділбекұлы