×
"Show Menu"

Творчество и биография

Home

Гүлім менің

15.01.1999in
born_town_2
Жаным менің, шынымен-ақ сүйесің бе, білмедім
Шынымен-ақ мені іздеп күйесің бе, білмедім.
Сендей сырлы гүл жанымен кездеспеген екенмін,
Шынымен-ақ “сүйеме”- деп, жүрегімді тілмедім.
 
Бірде нәзік сәби ұқсап қаласың,
Енді бірде, жақтыртпаған боласыңда қаласың.
Тағы бір кез, қызғалдақтай қызарып,
Құшағына махаббаттың аласың.
 
Гүлім менің мың құбылған шырағым,
Әр қашанда жаныңда мен тұрамын.
Махаббатың маған деген ақ болса,
Арамызға алып көпір құрамын.

Алмас Әділбекұлы