×
"Show Menu"

Ресми сайтыма қош келдіңіздер! Енді, менің шығармашылығыммен осы жерде таныса аласыздар.

Home

Туған жер

27.11.2014in
Асқар тауың табиғатың торлаған,born_town_3
Көк аспанды әсем түске сырлаған.
Бал бұлағың, өзенің мен көлдерің,
Нәрлі сенің суыңды ішпей шөлдедім.
 
Туған жерім, табиғатың — бал бағым,
Кең далаңның жусан иісін сағындым.
Делбең қағып ойнап-күліп жүретіп,
Балбыраған балалықты сағындым.
 
Қандай әсем, қандай сұлу,
Кіндік бауым кескен жер.
Қандай ғажап, қандай көркем,
Балалық шағым өткен жер.
Мұнша қуат, мұнша сезім
Беріп тұрған неткен жер?
Көңіліме мәңгі өлмес бақыт гүлін еккен жер,
Әрқашан да, тағзым етем алдыңда
О, туған жер, туған жер!
 

Алмас Әділбекұлы