×
"Show Menu"

Ресми сайтыма қош келдіңіздер! Енді, менің шығармашылығыммен осы жерде таныса аласыздар.

Home

Жүрек жарасы

07.02.2004in
Ұмытпаймын сенің соңғы сөзіңді,seperation
Қырауытқан мұздай суық көзіңді.
Қансонарда аңның басқан ізіндей,
Көңілімде сен қалдырдың ізіңді.
 
Сезесіңбе жүрегімнің қағысын,
Жан суытқан сезімнің суық ағысын.
Тыңдашы кел құлақ төсеп кеудеме,
Жүрегімнің жылап жатқан дауысын.
 
Әй, түсінуің түсінбеуің бір талай,
Тоқталайын өз-өзімді алдамай.
Мені жаным көңіліңмен сүймесең,
Құрбан болдым қылығыңа бағынбай.
 
Не дедім мен тіліме шоқ түскенде,
Не дедің сен, сағынып мені күткенде.
Не десек те бірге емеспіз екеуміз,
Дат, ханым мен сөз айтайын кетерде.
 
…Есіңе алшы, ең бақытты күндерді,
Ойнап-күліп бірге болған кездерді.
Білесіңбе отырғызып арқама,
Қысты күні үйге қайтқан түндерді.
 
Менің жаным саған бола жаралған,
Махаббатым сенен жаным нәр алған.
Құшағыңның жылуынан айрылып,
Құстай болдым қанатынан қайрылған.
 

Алмас Әділбекұлы