×
Menu

Оскенбаев Алмас Адильбекович

Бас парақ

Ұялы телефонмен QR-кодты сканерлесеңіз осы парақ ашылады.

Бауырға. Авторы: Құрманбек Өскенбаев

13.02.2022
Ол жақтан жетер саздар көп,
Ол жайлы айтар наздар көп.
Аруақты атаң Рахметолла,
Атыңды қойған - Абзалбек.

Бұрқасын түтеп бораған,
Мал шықпай сол жыл қорадан.
Ер Мұқаң ұлды болды,-деп,
Қалжаңа келген мол адам.

Сары аяз тұрса жалаңдап,
Кәрі апаң қалай бара алмақ?
Ат шана қашан келер?-деп,
Отырды үйде алаңдап.

Ізімді басқан ұл бала,
Ширығып өстің шыңдала.
Мен алыс жаққа кеткенде,
Қараушы едің мұңдана.

Қиындық болса мен көрген,
Сен көрді деп те ойлаймын.
Қызықты көріп мен көрген,
Жиіркенді ме,- деп те ойлаймын.

Інінің орны бір бөлек,
Ініге айтар сыр бөлек.
Құрдымға кетсем құлдырап,
Жіберсең болды бір демеп.

Сендағы шықтың қырқаға,
Толысып ақыл біршама.
Елу үш-жігіт жасы ғой,
Денің сау болсын сырқама.

Соқтырып құйын дауылын,
Шыңдайды өмір тау ұлын.
Бір тұғыр болып тұра бер,
Бір жота менің бауырым...
error: Ескерту: Мақала көшіруден қорғалған !!