×
Menu
Оскенбаев Алмас Адильбекович
Home
Шырайлы шығысым
12.05.2003
Шырайлы шығысым,
Шырқаймын сен үшін.
Табиғат жылуың,
Өшпейді мен үшін.
Тауыңның биігін,
Жеріңнің ұйығын.
Аралап, қыдырған
Бақыт қой мен үшін.
Шырайлы шығысым.
Терең ғой тынысым.
Жеріңде жүгірген —
Сәбимін сен үшін.
Алмас Әділбекұлы
Мәзір
x
Кітаптар
Портфолио
Өмірбаян