Қолға қалам алып, ақ параққа ой-пікірімізді жазып, оны әдемілеп конвертке жинақтап, оған тиісті соммадағы маркасын жапсырып, одан әрі почта жәшігі арқылы мекен-жайға жіберетін күндер қазіргі кезеңге түс сияқты. Алысқа барудың қажеті жоқ, бұл арадағы он бес жыл бұрын болған жағдай. Қазір, инновациялық технологиялардың жылдам дамып, ғаламтор билеген заманда өмір ағысы бір жаққа асығып бара жатқан сияқты. Бірақ, бұл біз үшін жақсы. Адамзат үшін тиімді. Дегенмен, әлемнің бір бұрышындағы орын алған жағдайдың, әлемнің екінші бұрышына лезде жетіп отыратындығы қолайсыздықты да туындатады. Яғни, ішінде болған жағдайды сыртқа шығарғысы келмейтін адамдар мен ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігі туралы бір-жақты әңгіме жүргізілмек.
Көптеген коммерциялық немесе басқа да ұжымдардың іштерінде қызметтеріне сәйкес құпиялық режимдері болады. Яғни, іске асырылмаған коммерциялық жобалардың ұтымды түрде жүргізілуіне қатысты ақпараттарды құпия түрде сақтап отыру ұйымдастырушыларға әбден қажет. Осы кезде «қалай?» – деген, сұрақ туындайды. Олай болса, бұл жағдайды талдап көрейік…
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жұмыстың ең басы мына сұрақтарға жауап беруден басталады: «Кім?», «Не?», «Қайда?», «Қашан?», «Қалай?» … Мұның үстіне, бұл ақпараттармен жұмыс жүргізілетін тұлғалар мен оның орналасу жері ең басты зерттеулерге алынуы тиіс. Өзімізді алатын болсақ, біз әр-түрлі колмпьютерлік бағдарламаларды құрастырумен айналысамыз. Сондықтан, бағдарламаны мәресіне жеткізіп, ашыққа шығарғанға дейін оның негізгі құрастырылу әдісін құпияда сақтап отыру біздер үшін өте маңызды. Өйткені, жылдар бойы еңбек еткен бағдарламаның егіздей ұқсас көшірмесін басқа біреудің қолынан көру адамды қуанта бермейді.
Түйіндейтін әңгіменің мәні – ақпараттық қауіпсіздікті техникалық тұрғыда қамтамасыз етудің жолдарын үш ірі бағыттарға бөлуге болады. Олар: 1. Жұмыс жүргізетін техникалардың барлығын тіркеп, ақпаратты тасымалдау мүмкіндігін туғызатын тетіктердің барлығын желімдеп, жамап жапсырып тастау (ең ыңғайсыз). 2. Жұмыс техникаларына арнайы бағдарламалар қойып, бақылап отыру мүмкіндігін ұйымдастыру (көп ресурс қажет етеді). 3. Жұмыс техникаларына арнайы операциялық жүйелер құрып, толық басқару механизмін реттеу (ең дұрыс, әрі қыруар қаржы қажет етпейді).
Бірінші бағытты, бағдарламашылары жоқ, техниканың тілін түсінбейтіндер қолданады.
Екінші бағытты, бағдарламашылар бар, адами және материалдық ресуртары көп, құпиялықты бірінші орынға қоюды жоспарламайтындар қолданады. Өйткені, шетелде құрастырылып, бейтаныстармер құрастырылған операциялық жүйені қанша шектесеңізде айналып өтететін жодары көп. Тіпті, басшылықтың құпиялық талаптарын сақтамайтындарда жұмысшылардың арасынан шығып, адами факторларды іске асырып та жатады. «Іштен шыққан жау жаман» немесе «Бір құмалақ – бір қарын майды шірітеді» – деген, қазақтың мақалдары осы.
Үшінші бағытты, ақпараттық қауіпсіздікті бірінші орынға қоятындарға әбден лайықты. Өткені, екінші бағыттың соқпағымен жүріп, талай жұмысын іске асырсақ та, ақпараттың сыртқа шығуына жол ашу қиындықты туғызбайтындығына көзді жеткіздік. Осының нәтижесінде, ақпаратты тасымалдайтын құралдарды ажырата білетін, жұмыс техникасы мен жеке қолданыстағы құралдарды анықтай білетін операциялық жүйе құрастыру қолға алынған болатын. Сөйтіп, арада өткен бес жылдың нәтижесінде Инновациялық технологиялар институтының ғылыми тобына жоғарыда айтылған қасиеттерді иемденген «Қорғау» және «FAU» операциялық жүйелерін құрастырып шығару мүмкіндігіне қол жеткізілді. Бұл операциялық жүйелердің ең басты құпиясы – олардың файлдық жүйесінде жатыр, әлем компьютерлерінде жоқ жаңа платформа құрастырылған. Яғни, бұл операциялық жүйе орнатылған компьютерге флеш құралын қоссаңыз, оны оқымақ тұрғы көрмейді де… Бірден, форматтауды талап етеді. Ал, форматтап алып, жұмыс файлдарын көшіріп, үйдегі жеке компьютеріңізге қосып көрсеңіз тура жоғарыда сипатталған жағдай қайталынады. Құралды ашпақ түгіл мүлде түсінбей, бірден форматтауды қажет етеді. Қолданушы қандай мықты «хакер» болса да, файлдық жүйенің құпиясын таппай ештеңе жасай алмайды.
Жаңа операциялық жүйенің құрастыру жұмысына қатысқан Қазақстан бағдарламашылары, еліміздің азаматтары. Біз, бұл ғалымдарымыз бен бағдарламашыларымызды мақтан тұтамыз. Қазіргі, таңда жаңа операциялық жүйелер авторлық құқық құжаттарын алу үстінде.
Толық ғылыми топ жұмысының нәтижелері «SCIENCE» халықаралық ғылыми журналының тақырыптық айдарына жақын арада шығарылады.