
… Мұқан атамыздың үлкені Құрман ағамызбен 2022 жылдың 21-ші қаңтарында қоштастық. Ағамыз өмірінде ақын жанды адам болатын. Кез-келген өмір құбылысына нәзіктікпен қарайтын ағамыз еді… Ағамыздың өлеңін тыңдап, еске алайық. Ағайын… Ағамыздың топырақтары торқа болсын.
АҒА
Таянып тығыр, тарылмасын жер,
Жігері тасып, дамылдасын — дер.
Шалынбасын — дер, енді тік тұрып,
Бауырдың тауы шағылмасын — дер.
Жақсымен тапсын үйлесім — дейтін,
Жаманға жебе түйресін – дейтін.
Ұқтырып, өмір – күрес екенін,
Жауырың жерге тимесін – дейтін.
Жырымды менің жаттаған аға,
Жеңгеме мені мақтаған – аға.
Мейіріңді жылы сағынып жүрмін,
Ауылға ертең аттанам аға.
Авторы: Құрманбек Өскенбаев