×
Menu

Оскенбаев Алмас Адильбекович

Home

Сөйлей алатын кітап

19.09.2014

Қазақстан мамандарынан құрылған арнайы жазушылар тобы өз мәтіндерін оқи алатын ақылды кітап нұсқасын құрастырып шығарды.
Құрастырылған кітап бағдарламасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мәтіндерін оқи алатын мүмкіндігі бар. Бұл әдіспен жазылып, құрастырылған кітаптар өз тапсырмалары мен басқа да мәтіндерін әңгімелеп бере алады. Алғашқы кітапты апробациядан өткізу мақсатында мектеп тізімдері жинақталуда. Кітап авторларының ұсынысы бойынша, кітап тиражының санына қарай, бір ауыл және бір қала мектебіне үлестірілу көзделініп отыр.
Жазушылар тобы келесі кітап тираждарын қазақ және орыс тілдерінде шығаруды жоспарлауда.
Кітап авторлары: Оскенбаев Алмас, Габдуллина Камалхан, Өскенбай Мөлдір.